Кенияда қоқиқаздар қырылды

Кенияның Богория көлінде қоқиқаздар қырылып жатыр. Бұған су деңгейінің көтерілуі себеп болған. Жалпы аталған көлде 3 жарым миллиондай қоқиқаз мекендейді.

Қазір көрікті мекен өлікке толы. Су деңгейі ұзын сирағынан асқан қоқиқаздар көлді жағалай өскен бұталардың тікендеріне ілініп, шөп жей алмай қалған. Кенияның Жабайы табиғатты қорғау қызметі ағаштарды бұтап, құстарға көмектесуге тырысып жатыр. Сондай-ақ көлдің аумағы кеңейіп, Ұлттық қорыққа тиесілі заңды бөлігінен асып кеткен. Бұл да жағдайды реттеуге кәдімгідей үлкен кедергі келтіріп отыр. Қоқиқаздардың жаппай қырылуы туризм саласына зор зардабын тигізуде. Себебі аталған құстарды тамашалауға келген туристерден түскен қаражат жалпы ішкі өнімнің 8,8 процентін құрайды.

Джеймс Кимару, аға қорықшы:

- Көлді прозопис деп аталатын бұталар қоршап тұр. Бұл өсімдік қоқиқаздарға кері әсерін тигізуде. Себебі көл деңгейі көтерілген сайын пропозис құстарды қармап алып, арам қатыруда. Мұндай сұмдық жағдайды бұрын-соңды көрген емеспіз. Қоқиқаздар негізі саяз суда тіршілік етеді. Олардың қорегі балдырлар. Ал су көтерілсе, балдырлар дұрыс өспей қояды.

Сондай-ақ...