Бразилияда дәрігерлер карантинді күшейтуді талап етті

Бразилиядағы медицина қызметкерлері ковид-19-ға қарсы шектеулерді күшейтуді талап етуде. Себебі науқастарға лық толы ауруханаларға орын жетіспей жатыр. Елдің Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық кеңесінің мәліметі бойынша, соңғы 1 айда коронавирустан күніне 1 мың адам қайтыс болған. Сондай-ақ мамандар вакциналаудың баяу жүріп жатқанына наразы. 210 миллион халықтың осы сәтке дейін тек 4 проценті ғана екпе алған.

Педро Тоурино, дәрігер:

- Бразилия індет басталғалы дәл қазір ең ауыр кезеңді бастан кешіруде. Соңғы 1 айда өлім-жітім азайғанның орнына, көбейіп кетті. Экономикалық жағдай ушығып барады. Бізге адамдардың өміріне бей-жай қарамайтын жауапкершілігі мол басшы керек.

Жаир Болсонару, Бразилия президенті:

- «Үйден шықпа, ал экономиканы кейін қалпына келтіреміз» деген саясат дұрыс емес. Алдағы бірнеше ай бойы шұғыл көмек көрсетіледі. Осы сәттен бастап штатындағы жұмыс орындарын жапқан әр губернатор тұрғындарға шұғыл көмекті өзі береді.

Кеше ғана ел астанасында халық жаңа шектеулердің енгізілгеніне қарсы шеруге шыққан болатын. Естеріңізге сала кетейік, өткен апта ковид-19 басталғалы өлім-жітім ең көп тіркелген апта болды. Бір жұмада 8244 тұрғын індеттен көз жұмған. Жексенбіде ел астанасында жарты айға локдаун жарияланды.

Сондай-ақ...