429,68 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияға барған туристер ПТР-тестін көрсетуге міндетті

  • 138
  • UPD: 15:48, 02.03.2021
Түркияға барған туристер ПТР-тестін көрсетуге міндетті

Наурыздан бастап Түркияға сапарлап баратын 6 жастан асқан жолаушылардан коронавирусты жұқтырмағандығы жөнінде ПТР-тесті талап етіледі.

Бұл туралы осы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат хабарлады. Анықтама нәтиже берілген күннен бастап Түркия шекарасын кесіп өткен сәтке дейін үш тәулік (72 сағат) ішінде жарамды. Ережеден тек транзиттік және 6 жасқа толмаған жолаушылар босатылған.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияда жолаушылардан ПТР-тестін көрсету міндеттемесі былтыр 30 желтоқсаннан бастап 1 наурызға дейін жалғасуы тиіс болған. Азаматтық авиацияның бас дирекциясы бұл жағдайды мамыр айының соңына дейін тағы шегерді.

Хабар 24 телеарнасы