429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нигерияда ұрланған оқушы қыздар отбасымен қауышты

  • 147
  • UPD: 18:22, 02.03.2021
Нигерияда ұрланған оқушы қыздар отбасымен қауышты

Нигерияда бірер апта бұрын лаңкестер ұрлап әкеткен 279 оқушы қыз босатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, балалар қазір жанұяларына оралған. Бірақ жергілікті билік оқушы қыздарды содырлардың қолынан қалай босатылғанын жарияламай отыр.

Айта кетейік, Нигерияда соңғы уақытта ақша талап ету мақсатында оқушы қыздарды ұрлау жиіледі. Осыған байланысты ел басшысы қарақшылардың талаптарын орындау бойынша ұстанымды қайта қарауға шақырды.

Хабар 24 телеарнасы