ДДСҰ: Гидроксихлорохин ковидпен күресте тиімсіз

Гидроксихлорохин коронавирусты жұқтырып алмау үшін қолданылмауы керек.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары қабынуға қарсы дәріге қатысты осындай кеңес берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәлімет 6 мың адамға жүргізілген екі зерттеу нәтижесінде алынған. Сынақ қорытындысы бойынша гидроксихлорохин ауруханалардағы өлім-жітім деңгейіне еш әсер етпегені анықталған. Осыған байланысты сарапшылар коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектерді зерттеуде енді бұл препарат емес, өзге ресурстарға басымдық берілетінін айтады.