Нью-Гэмпшир штатында боран соғып, өңірді қалың қар басты

Көктемнің алғашқы күнінде АҚШ-тың Нью-Гэмпшир штатында алай-түлей боран соғып, Кентукиде жауын селдетіп, елді мекендерді су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Австралияның Квинсленд штатында «Ниран» циклонынан мыңдаған адам жарықсыз қалды. Ал Кениядағы Богория көлінде қоқиқаз қырылып жатыр.

АҚШ-тың Нью-Гэмпшир штатының тұрғындары көктемнің алғашқы айында күн жылы болады деп күткен еді. Алайда кешелі бері боран соғып, өңірді қалың қар басты. Салдарынан 20 мыңға жуық адам жарықсыз қалды.

Кентуки штатында, керісінше, жауын селдетіп, ауыл-аймақ көлкіген су астында қалды.

Бірнеше күннің ішінде 127 миллиметр жауын-шашын түсіп, өзендер арнасынан тасып жатыр. Тасқынға байланысты аймақта төтенше жағдай жарияланды.

***

Австралияның солтүстік-шығысында «Ниран» циклоны басталып, дауылдың соңына ала жауын селдетті. Дүлей жел талдарды тамырымен қопарып, электр бағаналарын құлатқан. Қираған үйлер де бар.

Елдегі мұндай жағдайлар тіпті оқушылардың да алаңдаушылығын туғызып отыр. Олар климаттың өзгеріуін кен орындарының көптеп ашылуымен байланыстырады. Сөйтіп, жас белсенділер Оңтүстік Жаңа Уэльс штатындағы көмір кендерін кеңейтуге қарсы сотқа шағымданды.

Анджали Шарма, оқушы:

- Ондаған жыл бойы жалғасып келе жатқан климаттың өзгеруі қауіпті деңгейге жетті. Әлемде табиғат апаттары жиілеп, адамдардың өмірі қиындады. Мысалы, Тынық мұхиты аймағы елдерін үнемі су басады. Орман өрті көбейіп, құрғақшылық жайлап барады.

***

Австралиялық оқушылардың ұжымдық шағым түсіретіндей жөні бар. Африканың Кения еліндегі Богория көлінде су деңгейі көтерліп, қоқиқаздар қырылды. Дала құсы жағалай шырмалып өскен бұта тікендеріне ілініп, шөп жеуден қалған.

Джеймс Кимару, аға қорықшы:

- Көлді прозопис деп аталатын бұталар қоршап тұр. Су көтерілген сайын осы шіліктер құстардың балдыр жеп, қоректенуіне кедергі.

***

Биыл көктемде көрші Ресейдің Қиыр Шығысында су тасқыны әдеттегіден күшті болуы мүмкін. Елдегі төтенше жағдайды зрттеу институты осындай болжам жасап отыр. Себебі, қардың қалыңдығы өткен жылдарға қарағанда 30%-ке көп түскен. мамандар 7 аймақты су баса ма деп алаңдаулы.

Авторы: Дәурен Ақашұлы