Израильде туристердің оқшаулануын қадағалайтын білезік жасап шығарылды

Израильде енді шетелден оралған азаматтар 14 күндік карантинді қонақ үйде емес үйлерінде өткізе алады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Себебі елде туристердің оқшаулануын қадағалайтын білезік жасап шығарылды. Пилоттық жоба шеңберінде Бен-Гурион әуежайында осындай 100 білезік таратылды. Адамдар карантинді орындап жатқанын көрсету үшін үйіне келген соң құрылғының экранын басуы керек. Білезік шешілсе6 бақылау орталығына бірден хабар беріледі.

БЛИЦ:

– Мен елге оралған соң 2 апта қонақ үйде карантинде боламын ба деп ойлап едім. Енді мына білезікпен үйде оқшаулана алатын болдым. Бұл керемет бастама.

– Білезік шетелге саяхаттайтындар үшін жақсы болды. Көп адам қонақ үйдегі карантиннен көрі осы ұсынысты қабыл алатын шығар деп ойлаймын.

Ал ресми дерекке сүйенсек Израильде халықтың жарытысынан көбі «Файзер» вакцинасының 1 дозасын алған. Үкімет басшысы жақында Израильға тағы да 36 миллион доза вакцина жеткізілетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ...