ДДСҰ: COVID-19 жаңа штамдары кең етек жайды

ДДСҰ: COVID-19 жаңа штамдары кең етек жайды

Коронавирустың британдық штамы бір аптаның ішінде тағы 5 елде тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша вирустың бұл түрі табылған елдердің қатары 106-ға жетсе, оңтүстікафрикалық штам 56 мемлекетте табылған. Ал бразилиялық штамм 29 елде етек жайып барады. Бұл туралы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы хабарлайды. Бұған дейін мамандар COVID-19-дың түрленуі қалыпты жағдай екенін айтқан болатын.

Айта кетейік, соңғы бір аптаның ішінде коронавирусқа шалдыққандардың саны бұған дейінгі кезеңмен салыстырғанда 7 процентке артқан. Індет әсіресе Еуропа елдерінде, Оңтүстік Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америкада ушығып тұр.