Боливияда университеттегі жиналыс кезінде 7 студент көз жұмды

Боливияның Эль-Альто қаласындағы университеттегі жиналыста 7 студент көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы үшеуі жарақат алған. Қазір олар жан сақтау бөлімінде. Оқу орнының 4-қабатында топтасып тұрған студенттердің көптігінен қоршау сынып кетіп, шетте тұрған 8 адам бірінші қабатқа құлап кеткен. Бірнешеуін қасындағылар ұстап, құтқарып қалған. Ел президенті Луис Арсе қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты. Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.