Илон Маск жаңа қала салады

Америкалық кәсіпкер, Tesla мен SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала тұрғызатынын мәлімдеді.

«Техас штатында Старбэйз (Starbase) қаласын саламын», - деп жазды Маск Twitter парақшасында.

Кәсіпкер өзінің жаңа қаласы SpaceX ғарыш айлағы орналасқан Бока-Чика ауылынан әлдеқайда үлкен аумаққа ие болатынын айтты.

Сонымен қатар Маск жаңа қалада иттерге жақсы көңіл бөлінетінін атап өтті.

Бұған дейін Илон Масктың бір тәулікте 14 млрд долларға жуық қаржысынан айырылғанын хабарлаған болатынбыз.