Қазақстанда үйректерді көктем кезінде аулауға рұқсат берілді

Қазақстанда үйректерді көктем кезінде аулауға рұқсат берілді

Құс ату маусымы әр өңірде 15 күнге ғана ұласады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның өзінде бір уақытта емес, әр аймаққа бекітілген кестеге сай іске аспақ. Жалпы үйрек ату маусымы наурыздың бірінен басталып, мамыр айының 15-не дейін жалғасады. Бұл кезде тек үйректің аталығын атуға рұқсат.

Естеріңізге салсақ, 2017 жылдан бері көктем кезінде үйректерді атуға тыйым салынған еді. Бұған 2014-2015 жылдары үйрек санының 2 млн-ға азайғаны себеп болған.