ZOOM компаниясының акциялары 10% қымбаттады

Өткен бір-екі тәулікте америкалық ZOOM компаниясының акциялары 10 процентке қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған видеобайланыс қызметінен түскен тоқсандық табыс қорытындысы әсер етті. Таза пайда 882 миллион доллардан асқан. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3 жарым есе көп. Пандемия кезінде көптеген компания қашықтан жұмыс істеуге көшіп, видеобайланыс қызметіне жиі жүгінді. Сол сәтте ZOOM-ның табысы еселенген. Нақтырақ айтсақ 2019 жылмен салыстырғанда кіріс 30 есе артты. Сарапшылардың айтуынша, пандемиядан кейін де қашықтан жұмыс істейтіндер саны айтарлықтай азая қоймайды. Сондықтан платформаны тұтынушылардың кемуі де екіталай.