Бразилияда коронавирус дендеп барады

Бразилияда коронавирус дендеп барады

Елдің денсаулық сақтау министрлігі өлім-жітім көрсеткішінің тәуліктік рекорды тіркелгенін айтады.

Бір күннің ішінде 1640 науқас осы кеселден көз жұмған. Сонымен қатар 60 мыңға жуық адам індетке шалдыққан. Осылайша бір аптаның ішінде шамамен 370-мыңнан астам адамға диагноз қойылса, 8 мыңнан астам тұрғын ауруын жеңе алмады. Қазір ауруханаларда бос орын тапшы. Дәрігерлер эпидахуалдың күрт ушығуына алаңдаулы. Ақ халаттылар халықты санитарлық талаптарға немқұрайлы қарамауға, ал билікті індеттің таралуына тосқауыл қоюға шақырады.