Австралияда сирек кездесетін қара мүйізтұмсық төлдеді

Австралияда сирек кездесетін қара мүйізтұмсық төлдеді

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс қаласындағы хайуанаттар бағында қара мүйізтұмсық төлдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шөпқоректі жануар 6 жылда алғаш рет төлдеп отыр. Қара мүйізтұмсық – жер бетінде сирек кездесетін жануар. Бүкіл әлем бойынша олардың жалпы саны 6 мыңға да жетпейді. Бүгінде олардың мүлдем құрып кету қаупі төніп тұр. Себебі қылмыскерлер бұл жануарды алтыннан қымбат бағаланатын тұмсықтары үшін қырып жатыр.