Италияда қатаң шектеу шаралары қайта күшейтілмек

Бұған аймақтағы коронавирус індетінің ушығуы себеп.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы бір тәуліктің ішінде 17 мыңнан астам жаңа науқас тіркелген. 343 адам дертінен айыға аламай жан тапсырды. Мамандар жаңадан тіркелген дімкәс жандардың 54 проценті коронавирустың жаңа штамдарын жұқтырып жатқанын айтады. Осыған орай жергілікті билік түнге коменданттық саған енгізіп, ауданаралық қарым-қатынасқа тыйым салды. Сондай-ақ қоғамдық мекемелер мен көрмелер уақытша жұмысын тоқтатады, түрлі жиналыстардың ұйымдастырылуына да шектеу қойылды. Жаңа санитарлық талаптар наурыздың 6-сынан бастап бір айға дейін өз күшінде болмақ. Айта кетейік, пандемия басталғалы Италияда COVID-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 3 млн-ға жуықтады, олардың 98 мыңнан астамы көз жұмды. 

Сондай-ақ...