Жапония 13 елдің азаматтарына елге кіру мүмкіндігін шектейді

Ереже 5 наурызда күшіне енуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай қатаң шара коронавирустың әртүрлі штамдарының таралуымен байланысты. Тізімде Австрия, Бельгия, Бразилия, Германия, Дания, Италии, Нигерия, Нидерланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Словакия, Швейцарии, Швеция және Франция бар. Осы мемлекеттерден келгендер арнайы карантин мекемелерінде 3 күн болып, кейін тест тапсырады. COVID-19 анықталмағанның өзінде олар үйден шықпай, тағы 2 аптаға өз еркімен оқшауланады. Негізі Жапония билігі 28 ақпанда өзге елдердің азаматтарына жаңа виза беруге тыйым салған болатын. Бірақ бұл шектеудің күші 7 наурызда жойылуы тиіс.