Грекияда 5,9 магнитудалы жер сілкінісі болды

Грекияның орталығындағы Фессалия ауданында 5,9 магнитудалы жер сілкінісі болды.

Жер асты дүмпулері жергілікті уақытпен 12:16-да тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Элассона қаласы маңында, Ларисса қаласынан 29 шақырым жерде, Афинадан солтүстік-батысқа қарай 250 шақырым жерде орналасқан.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.