Нидерландтағы ковидті тестілеу орталығы маңында жарылыс болды

Нидерландтың Бовенкарспел қаласындағы COVID-19 тестілеу орталығының маңында жарылыс болды.

Полиция мәліметінше, бұл медициналық ұйымға қарсы қасақана жасалған қылмыс. 

Ақпаратқа сәйкес, металл құбырға салынған жарылғыш зат таңғы 06:55-те іске қосылған. Бұл сәтте ғимаратта тек күзетші ғана болған.

Жарылыстан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға барысында ғимараттағы бес терезенің әйнегі қираған.

Жарылыс болған жер оқшауланып, саперлік топ өз жұмысын бастады.

nos.nl

Аударған: Г.Абилова