432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды

  • 108
  • UPD: 09:02, 04.03.2021
Германияда локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды

Германия карантинді 28 наурызға дейін ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ жекелеген аймақтарда коронавирустың беті қайтса, шектеулер жеңілдетілуі мүмкін. Бұл туралы канцлер Ангела Меркель арнайы мәлімдеді. Оның айтуынша, 8 наурыздан кейін 100 мың тұрғынға шаққанда науқастар саны 50 адамнан аспаған өңірлерде музейлер, галереялар, бақтар, кітап және гүл сататын дүкендер, сондай-ақ бау-бақша заттарына арналған базарлар ашылмақ. Тек тұтынушылар келетінін алдын ала ескертуі тиіс. Бұдан басқа, 2 аптадан кейін COVID-19 ушықпаған жағдайда театрлар, концерт, опера залдарына және кинотеатрларға баруға рұқсат беріледі деп күтілуде.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Бірнеше сағат талқылай келе тоқталғанымыз саясаткерлердің қазіргі міндеті алдағы уақытта ақылға қонымды қадамдар жасау. Әйтпесе, Еуропада біз сабақ алатын мысалдар жетерлік. Кейбір елдер қателік жасап, індеттің таралуының үшінші толқынына ұрынды. Мұндай қауіп бізде де бар. Сондықтан 2021 жылдың көктемі былтырғы көктемнен жақсы жағынан мүлде өзгеше болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы