Руандаға вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді

Руандаға коронавирусқа қарсы AstraZeneca компаниясының 240 мың доза вакцинасы жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, Кигали қаласына Pfizer мен BioNTech кәсіпорындары бірлесіп шығарған екпенің 100 мың дозасы әкелінді. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Covax бағдарламасы аясында Африкаға алғаш апарылған екпе. Ал жергілікті билік халықты коронавирусқа қарсы егу ертең басталатынын мәлімдеді. Екпе алдымен дәрігерлер мен дертті жұқтыру қауіпі жоғары өзге сала өкілдеріне салынбақ. Жалпы үкімет жыл соңына дейін 12 миллион тұрғынның 30%-ін вакциналауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ...