430,57 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапониядағы театр көрермендерге спектакльді көрсетудің ерекше жолын ойлап тапты

  • 111
  • UPD: 10:21, 04.03.2021
Жапониядағы театр көрермендерге спектакльді көрсетудің ерекше жолын ойлап тапты

Жапонияның Нагоя қаласындағы театр көрермендерге спектакльді көрсетудің ерекше жолын ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Адамдар дертті жұқтырмас үшін қойылымды арнайы кабинаға кіріп, қабырғадағы ойықтан тамашалайды. Бұл қадамға театр былтыр бел байлаған. Індет жайылғанда көрермен қойылымдарға келмей, шығармашылық ұжымның берекесі кеткен. Енді көрермен бар, алайда шығын артты. «Үкімет субсидия бөлгенімен, кәсіп баяғыдай табысты деп айтуға болмайды», - дейді театр өкілдері.

Нобуеси Асаи, театрдың көркемдік жетекшісі:

- Біз қойылым көретін тесіктерді әдейі пошта жәшіктерінікі секілді ойып жасадық. Бұл көрерменнің сахнадағы қойылымды толық тамашалуына мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы