Колумбияда Панама консулы апаттан қайтыс болды

Елші мінген көлікті тасыған су төңкеріп тастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дипломаттың күйеуі мен әріптесі де мерт болды. Көліктегі тағы 2 адам тірі қалған. Құтқарушылар консулдың денесін бірден тауып, жағаға шығарды. Қалған 2 жолаушының мәйітін бірнеше сағат іздеген. Колумбияның Сыртқы істер министрлігі дипломаттың тосын қазасына байланысты Панамаға көңіл айтып, жедел хат жолдады.

Диего Васкес, Колумбияның ұлттық полиция басшысы:

- Өзен арқылы өтетін жолмен келе жатқанда тосыннан тасқын келіп, көлікті бірнеше метр жерге лақтырып жіберген. Апат соңы қайғылы оқиғамен аяқталды.