Әлемге танымал доктор Сьюздің алты кітабын шығаруға тыйым салынды

Әлемге танымал балалар жазушысы доктор Сьюздің 6 кітабын шығаруға тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаламгер шығармаларының авторлық құқығына ие баспа өкілдерінің мәлімдеуінше, 1937 және 1976 жылдар аралығында жазылған ертегілерден қара нәсілділер мен азиялықтарды кемсіткен сөздер анықталған. Бұған дейін жазушының 650 миллионнан астам кітабы сатылған. Былтырғы сатылымнан 33 миллион доллар таза пайда түскен. Айта кетейік, доктор Сьюз 60-там астам кітаптың авторы.

Памэла Гуд, Beyond Basics баспасының басшысы:

- Балалар қателік жасауға бейім екенімізді білгені маңызды деп ойлаймын. Доктор Сьюз қазір тірі болғанда, көп нәрсені басқаша жасар еді. Сондықтан осының өзі өскелең ұрпақты көп нәрсеге үйретуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Грэг Зир, оқырман:

- Мәдениет тарихын жоққа шығаруға болмайды. Сізді де санадан оп-оңай өшіре салуға болады. Бірақ қазір де біздің қоғамда өзгертілуі тиіс ән мәтіндері, өлеңдер толып жатыр ғой. Бұл жерде цензура бар сияқты. Қазіргі заманда мүлде күлкілі әрі ерсі болып көрінеді.