Мьянмада жаппай тәртіпсіздіктерден ондаған адам мерт болды

Мьянма халқының жаппай ереуілі әлі де басылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразы жұрт пен тәртіп сақшыларының арасындағы қақтығыстан бір күннің ішінде 40 шақты адам мерт болды.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, көшеге шыққан наразыларды тарқату үшін полиция қару қолданып, көзден жас ағызатын газ шашқан. Салдарынан көптеген адам жарақат алды.

Естеріңізге салайық, Мьянма әскері 1 ақпан күні билікті басып алып, әскери төңкеріс жасаған. Билік әскер басшысы, 64 жастағы Мин Аунг Хлайнның қолына өтті. Ал ел парламентінің ондаған өкілі мен Мьянма президенті қамауға алынды. Жуырда елде бір жылға төтенше жағдай жарияланды. Ірі қалаларда кешкі сағат 20:00 мен таңғы сағат 04:00 аралығында коменданттық сағат орнатылды. Мьянма армиясы жаңадан парламент сайлауын өткізуге уәде бергенмен әзірге оның нақты мерзімін айтқан жоқ.