loader

SpaceX-тің Starship зымыраны Жерге қонғаннан кейін жарылды

SpaceX-тің Starship зымыраны Жерге қонғаннан кейін жарылды

SpaceX компаниясы шығарған Starship зымыранының түп үлгісі Жерге қонғаннан кейін бірнеше минуттан кейін жарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін тасығыш-зымырандағы қозғалтқышта ақау табылғаннан кейін ұшыру әрекеті бірнеше сағатқа кейінге шегерілген болатын. Кейін зымыран ұшырылып, шамамен 10 шақырым биіктікке көтерілген. Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, зымыран қону алаңына сәтті орныққаннан кейін ғана жарылды.

 

Сондай-ақ...