АҚШ-та жүк пойызының 30 вагоны рельстен шығып кетті

АҚШ-тың Калифорния штатында жүк пойызының 30-дан астам вагоны шойын жолдан шығып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Теміржол апаты штаттың оңтүстігіндегі шөлді жерде орын алды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, цистернаның бірінен жанармай төгіле бастаған. Абырой болғанда, адам шығын болған жоқ. Мамандар апат орнына дер кезінде жеткен. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу ісін бастады.