Үндістанның Агра қаласындағы (Уттар-Прадеш штаты) Тадж-Махал мавзолейінің аумағынан кем дегенде бір мың турист эвакуацияланған.
Hindustan Times газетінің мәліметінше, полицейлер мұндай қадамға белгісіз ер адамның бұл орынға бомба қойылғаны туралы телефон қоңырауынан соң барған.
Тадж-Махал кешенін полиция қоршады. Қазір жарылғыш затты іздеу жұмыстары жүріп жатыр.