429,68 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Джо Байден Техас губернаторының шешімін қатаң сынады

  • 105
  • UPD: 09:19, 05.03.2021
Джо Байден Техас губернаторының шешімін қатаң сынады Коммерсант

«Бетперде тақпау – миы жетілмеген неандертальдың ойлау жүйесі».

АҚШ президенті Техас штатының губернаторы Грег Эбботтың шешімін осылай деп сынға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақ басшысы 10 наурыздан бастап бетперде тағу талабын алып тастайтынын мәлімдеген еді. Джо Байден 511 мың 874 америкалықтың коронавирустан қайтыс болғанын еске салды. Техас штатында бетперде тағу 8 ай бұрын міндеттелген болатын.

Джо Байден, АҚШ президенті:

- Меніңше, бұл үлкен қателік. «Қазір бәрі жақсы, бетперде мүлде тақпаңдар, оны біржола ұмытыңдар» деп неандертальдық ойлау барып тұрған сорақылық. Жеткен жеріміз осы болса, жетіскен екенбіз.

Техас тұрғындары бетперде тағу талабын алып тастау туралы шешімді әртүрлі қабылдауда. Бірі қарсы шықса, екіншілері жақтап жатыр. Пікір білдіргендердің көбі бизнес саласының өкілдері.

Блиц 1:

- Билік вакцинамен қалай толық қамтамасыз ететінін әлі дұрыстап айтқан да жоқ. Бірақ бетперде тағу талабын алып тастайтынын мәлімдеп отыр. Бұл дұрыс емес. Тұтынушылардан бетпердемен жүруді талап ете бермекпін.

Блиц 2:

- Бұл керемет. Қуаныштымын. Себебі шектеулердің кесірінен бизнес тұралап қалды.

Хабар 24 телеарнасы