Джо Байден: Шабуылды кім жасағанын анықтап, нақты шешім қабылдаймыз

Джо Байден Ирактағы америкалық әскери базаға кімнің шабуыл жасағанын анықтап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақ үй басшысы тергеуден кейін қарымта қайтаратынын жеткізді.

Джо Байден, АҚШ президенті:

- Құдайға шүкір, атылған зымыраннан ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ кейін бір адам жүрек талмасынан көз жұмды. Шабуылды кім жасағанын анықтап, нақты шешім қабылдаймыз.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Ирактың батысындағы «Айн әл-Асад» әуе базасына кемінде 10 зымыран атқыланған. Өткен айда да елдің солтүстігінде шабуыл жасалып, АҚШ сарбазы жараланған еді. Осыдан кейін Джо Байден Ирак пен Сирия шекарасындағы содырлардың бекінісін әуеден бомбалаған болатын.