432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гватемалада Пакая жанартауы атқылап жатыр

  • 144
  • UPD: 15:22, 04.03.2021
Гватемалада Пакая жанартауы атқылап жатыр

Гватемалада Пакая жанартауының сейсмикалық белсенділігі артып барады.

Одан атқылаған от пен күл 800 метр биіктікке жетіп жатыр. Мамандар жанартаудың атқылауы әлі бірнеше күн бойы жалғасады деп болжап отыр. Қазір жақын маңдағы 5 мыңға жуық тұрғынға қауіп төніп тұр. Жергілікті билік тұғындарды қауіпті аймақтардан тұрғындарды шұғыл эвакуациялау туралы бұйрық берді. Сонымен қатар халық орналасқан уақытша баспанада барлық санитарлық талаптар сақталуы керек деген талап қойылды.

Айта кетейік, Пакая – Гватемаладағы белсенді жанартаулардың бірі. Ол 1965 жылдан бері үздіксіз атқылап келеді.

Давид Де Леон, Табиғат апаттарының зардабын жою ұйымының өкілі:

– Жанартаудан аққан лава бірнеше қалаға жақындап қалған. Атқылаған от пен күл халыққа қауіпті болып тұр. Тұрғындардың амандығы үшін барлық тиісті шаралар қолға алынып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы