432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай ғарыш аппараты Марстың суреттерін жіберді

  • 128
  • UPD: 17:53, 04.03.2021
Қытай ғарыш аппараты Марстың суреттерін жіберді

Қытай өзінің ғарыш аппаратының Марстың жер бедерін түсірген алғашқы суреттерін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зонд оларды 350 шақырымдай биіктіктен түсірген. Бірақ фотолардан қызыл ғаламшардың бедері анық көрінеді. Онда ірі кратерлер, жоталар құмды төбелер бейнеленген.

Айта кетейік, Қытайдың «Тяньвэнь-1» ғарыш аппараты Марс орбитасына өткен айдың ортасына таман кірген. Зонд қызыл ғаламшарға мамыр-маусым айларында қонбақ. Миссияның басты мақсаты – Марста тіршілік көзін іздеп, адамдардың ғаламшарға қоныстану мәселесін зерттеу.

Ли Чуньлай, Қытай Марсты зерттеу миссиясы бас инженерінің орынбасары:

– Суретте Марстың 5 мың шақырымдай қашықтағы аумағы түсірілген. Бұл ғаламшардың солтүстік полярлық төбесіндегі тұсы. Мына ирелеңдеген бедерлер жылдар бойы құмды дауылдардың соғуынан түзілсе керек. Себебі ғаламшарда құмды дауыл жиі соғады. Яғни біз енді осы жерлерде олардың қалай пайда болатынын зерттей аламыз.

Хабар 24 телеарнасы