432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті

  • 140
  • UPD: 07:07, 05.03.2021
Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті https://www.dailysabah.com/

Түркияда «Кугар» атты әскери тікұшақ апатынан қаза тапқан адам саны 11-ге жетті.

Тағы екі адам түрлі жарақат алған. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігі хабарлайды.

Белгілі болғандай, әуе көлігі Бингел қаласынан Татванға қарай бет алған. Тікұшақпен байланыс үзілгеннен кейін құтқару іздестіру жұмыстарына ұшақ, тікұшақ пен ұшқышсыз аппарат тартылды. Әуе апатына әзірге не себеп болғаны белгісіз. Тергеу ісі басталды.

Хабар 24 телеарнасы