Францияда мәдениет саласының қызметкерлері ереуілге шықты

Францияда мәдениет саласының өкілдері биліктен жұмыс істеуге рұқсат беруін сұрап, шеру өткізді.

Театр, кинотеатр қызметкерлері індеттен көп уақыт бойы еңбек етпей, күнкөрісі қиындаған. Ал сала көп шығынға батқан. Осыған байланысты шерушілер биліктен мәселені шешу үшін қажетті шаралар қабылдауды талап етіп жатыр.

Айта кетейік, Францияда корнавирус індетіне байланысты мәдениет ошақтары бір жылдан бері жабық.

Паскаль Пениколо, театр артисі:

- Егер елде жағдай осылай жалғаса берсе театрлар сәуір айында да ашылмауы мүмкін. Біздің жұмыс істемегенімізге бір жылдан асты. Күте-күте әбден шаршадық. Билік біздің жұмысқа рұқсат беруі тиіс.