«Уолт Дисней» алпыс дүкенін жабады

Американдық «Уолт Дисней» компаниясы биыл Солтүстік Америкада 60 бөлшектік сауда дүкенін жаппақшы.

Бірлестік осы арқылы онлайн сауданы кеңейтпек. Еуропадағы сауда орындарының да бір бөлігін тоқтатуды жоспарлап отыр. Компания онлайн сауда тұтынушыларға тауар таңдау мүмкіндігін көбейтеді дейді. Қазір әлемде Диснейдің 300-ден астам дүкені бар.