Ауғанстанда зауытқа жасалған шабуылдан жеті жұмысшы қаза тапты

Ауғанстанның Нанганхар провинциясындағы гипс зауытына шабуыл жасалды. Қанды оқиғадан зауыттың 7 жұмысшысы көз жұмды.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, қаруланған белгісіз топ өндіріс орнына баса көктеп кіріп жан - жағына бей-берекет оқ жаудырған. Лаңкестікке қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Жарақат алғандар жайлы да ақпарат түскен жоқ. Оқиғаға қатысы бар деп танылған 4 күдікті қамауға алынды.