430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа Зеландияда күші 8 балдық жер сілкінісі болды

  • 151
  • UPD: 13:30, 05.03.2021

Жаңа Зеландия жағалауында қуаты 8 балдық жер сілкінісі тіркелді. АҚШ-тың геологиялық қызметі 7 рет жерасты дүмпулер болғанын хабарлады.

Зілзаланың кіндігі 20 шақырым тереңдікте орналасқан. Мамандар цунами кезінде толқындардың 3 метрге дейін көтерілуі мүмкін деген. Халықтың эвакуациялануына байланысты тас жолдарда ұзын сонар көлік кептелісі түзілген. 

- Жер сілкінісінен оянып кеттім. Не істерімді білмей қалдым. Дүмпулер біраз уақыт бойы сезілді. Тіпті аяқталмайтын шығар деп ойладым. Көп ұзамай құтқарушылар халықты эвакуациялай бастады.  

Қазір жағдай тұрақтала бастады. Десе де, мамандар тұрғындарды барынша сақ болуға шақырып отыр. 

Роджер Бал, Төтенше жағдай агенттігінің өкілі:

- Жер сілкінісінен кейін цунами басталуы әбден мүмкін. Қазір қауіп сейілді. Бұған қарамастан тұрғындарды әзірге жағажайға бармауға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы