Калифорнияда «ашу-ыза бөлмелері» жұрт арасында танымал болып барады

АҚШ-тың Калифорния штатында «ашу-ыза бөлмелерінің» танымалдығы артып келеді. Оған коронавирус себеп.

Өйткені шектеулерден шаршаған жұрт мұнда бар эмоциясын шығара алады. Айқайлап, қолына түскеннің бәрін талқандауға рұқсат беріледі. Негізі штатта «ашу-ыза бөлмесі» 2019 жылдың соңында ашылған. Алайда пандемия кезінде бұл орынның аты көпке бұрыннан да мәлім болды. Әсіресе онлайн оқудан шаршаған оқушылар мен студенттер көп келетін көрінеді.

Сондай-ақ...