432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ пен Британия Ресейге санкция салуы мүмкін

  • 137
  • UPD: 11:30, 05.03.2021

АҚШ пен Ұлыбритания ресми Мәскеуге қарсы қосымша санкция салу жайын қарастырып жатыр.

«Блумберг» агенттігінің хабарлауынша, жазалау шаралары ресейлік бизнесмендерді қысымға алу, аталған елдің халықаралық банктердегі берешегіне  қатысты шектеулер енгізу сияқты сан түрлі нұсқаларды қамтуы мүмкін. Батыс елдері Ресей химиялық қару қолданды деп айыптап отыр. Ал АҚШ санкциялардың екінші толқынын қабылдауға ниетті. Бірақ егер Ресей химиялық қаруды қолданудан біржола бас тартып, ел аумағындағы нысандарға инспекторлар жіберуге келіссе, жағдай оң шешілуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы