ОАР-да тұрғындар қолтырауын кесірінен сыртқа шықпай отыр

Оңтүстік Африка Республикасындағы Боннивейл қалашығының тұрғындарына сыртқа шығу қауіпті болып тұр.

Бұған себеп жергілікті қорықтан ондаған қолтырауын қашып кеткен. Олар қоршауды сындырып, өзенге тура тартқан. Бұған дейін 27 қолтырауын қолға түсіпті. Бірақ билік бостандықта жүрген жыртқыштардың нақты санын білмейді. Сондықтан шенеуніктер тұрғындарды өте сақ болуға шақырды. Полиция бауырымен жорғалаушыларды ұстау үшін арнайы жемтігі бар торларды қолдануда.