Италия мен Еуроодақ Австралияға вакцина бермей отыр

Австралия «АстраЗенека» вакцинасына қатысты Еуропалық комиссияға шағым түсіреді. Себебі Италия үкіметі мен Еуроодақ аталған екпені бермей қойған.

Негізі Австралияға «АстраЗенека»-ның 250 мың дозасы осы айдың аяғына дейін жеткізілуі тиіс еді. Бұған дейін аталған ел 300 мың доза алдырған болатын. Бірақ кәрі құрлық елдерінің өзінде вакцина тапшылығы басталғандықтан келісім бұзылған.

«АстраЗенека» компаниясының түсіндіруінше, Үндістанның Пуна қаласында екпе шығаратын зауыт өртенген, сондықтан вакцинаны жеткізуде қиындықтар туындаған.

Скотт Моррисон, Австралияның премьер-министрі:

- Италия Австралияға дозаларды жеткізу ісіне вето қойды. Қазір мен еуропалық басшылармен жиі хабарласып отырмын. Ғалымдар Италияда күніне 300 адам өліп жатқанын айтты. Сондықтан жағдайға түсіністікпен қарауға тырысамын. Бірақ сонда да екпені жеткізу келісілген мерзімде іске асуы тиіс.

Сондай-ақ...