430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рио-де-Жанейрода коменданттық сағат енгізілді

  • 182
  • UPD: 15:44, 05.03.2021

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында бүгіннен бастап коменданттық сағат енгізілді.

Аймақтағы барлық бар, мейрамхана мен түнгі клубтардың жұмыс уақыты қысқарды. Ал жағажайда сауда-саттық жүргізуге тыйым салынды. Биліктің бұл шешіміне өңірдегі эпидахуалдың ушығуы себеп болып отыр. Жаңа шектеу шаралары 7 күн бойы күшінде болмақ.

Эдуардо Пайзано, сатушы:

- Жаңа шектеулерге сәйкес сауда жасай алмаймын. Осы сауданың арқасында нәпақамды тауып отырмын. Сондықтан мен үшін енді қиын болайын деп тұр.

Сан-Паулу қаласында да эпидемиологиялық жағдай көңіл көншітпейді. Науқастардың күрт көбеюі жергілікті денсаулық сақтау саласына ауыр тиіп отыр. Бүгінде жансақтау бөлімдерінде орын тапшылығы байқалады. Дәрігерлер болса тұрғындарды барынша сақтануға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы