Қытайда зейнет жасы ұлғайтылмақ

Қытай билігі 2021 жылдан бастап 2025 жыл аралығында кезең-кезеңмен зейнет жасын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы мемлекеттік кеңес премьері Ли Кэцян жыл сайын өтетін парламенттің ашық сессиясында мәлімдеді, деп жазды rosbalt.ru.

«Біз туу көрсеткішінің артуы бойынша жұмысты жалғастыра береміз. Зейнет жасы кезең-кезеңімен жоғарылайтын болады», – деді премьер.

2017 жылдың соңындағы көрсеткішке сәйкес, Қытайдың халық саны 1,39 млрд адамға жеткен. Ал олардың 240 млн-ы (17,3 процент) – 60 жастан асқан адамдар. Болжам бойынша, 2030 жылға қарай Аспан асты елінде әрбір екінші салық төлеушіге бір зейнеткерден келеді екен. Тиісінше жұмыс күшінің жетіспеушілігі туындайды. Адами ресурстар және әлеуметтік қамту министрлігінің мәліметінше, еңбекке жарамды адамдардың саны жыл сайын 3 миллионға азайып келеді.

Қазір Қытайда ер адамдар зейнетке 60 жаста, ал әйелдер 55 жаста шығады. Бұл – зейнетке шығу жағынан әлемде ең төмен көрсеткіш. Мұндай меже Қытайда 1978 жылы, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 68 жасты құрайтын кезде белгіленген.

Өзге де қызықты материалдар:

Hi-Tech. Ұзақ өмір сүру құпиясы

Ұзақ өмір сүруге әсер ететін өнімдер аталды

Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағаттық ұйқы қажет

Иммунологтар: Коронавирус адамның өмір сүру ұзақтығына әсер етеді

Зейнеткерлердің өмір сүруіне ең қолайлы елдер аталды

Сондай-ақ...