Түркияда инфляция деңгейі өсті

Түркияда ақпан айында инфляция деңгейі 15%-тен асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 2019 жылдың тамыз айынан кейінгі ең жоғарғы көрсеткіш. Бұл туралы осы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат статистика институтына сілтеме жасап хабарлайды. Жағдай түрлі тауар бағаларының өсуіне әсер етіп жатыр. Мәселен медициналық қызмет 18%, азық-түлік пен түрлі сусындар 18%, тасымал 22,47%, тұрмысқа қажетті тауарлар 23,74% өскен. Азық-түлік ішінде әсіресе, көкөніс, ет, сүт өнімдері мен қант қымбаттаған. Болгар бұрышының бағасы 26%-тен асқан. Статистика институтың мәліметінше, инфляцияның салдары Ыстамбұл, Анкара және Измир секілді ірі қалаларда қатты байқалады.