432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2030 жылға таман Қытайда жұмысшы тапшылығы сезілуі мүмкін

  • 170
  • UPD: 22:40, 05.03.2021
2030 жылға таман Қытайда жұмысшы тапшылығы сезілуі мүмкін

Қытайда биылдан бастап зейнетке шығу жасы ұлғаяды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспары аясында біртіндеп іске асады. Қазір Қытайда әйелдер 55, ер адамдар 60 жасында зейнетке шығады. Бұл басқа елдермен салыстырғанда ең төменгі көрсеткіштің бірі. Тиісті меже 1978 жылы шыққан. Ол кезде елде орташа өмір сүру ұзақтығы 68 жас болатын. Қазір бұл көрсеткіш 77 жастан асады екен. 2017 жылғы статистика бойынша саны бір миллиард 300 мыңнан асатын Қытай халқының 17%-і жасы 60-тан асқан азаматтар. 30 жылдан кейін бұл көрсеткіш 2 есе артады деген болжам бар. 2030 жылға таман Қытайда жұмысшы тапшылығы сезілуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы