433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирустың әлемде жаңа үш штамы басым болуы мүмкін

  • 187
  • UPD: 12:58, 06.03.2021
Коронавирустың әлемде жаңа үш штамы басым болуы мүмкін

Мәселен, қазірдің өзінде Жапонияда байқала бастаған.

Ел астанасы Токиода сақтық шаралары күшейді. Өңірлерде де төтенше жағдай тәртібі тағы екі аптаға ұзартылды. Вирустың өзгеріске ұшыраған бұл түрі вакцинациялардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Бұл туралы Вашингтон университеті медицина мектебінің ғалымдары айтып отыр. Осы себепті Жапония да жаңа толқыннан сескеніп отыр.

Ёсихидэ Суга, Жапония премьер-министрі:

– Кейбір өңірлердегі ауруханада орын жетіспей жатыр. Қазір вирустың жаңа толқыны қаупі төндіріп тұр. Сондықтан төтенше жағдайды тағы жарты айға ұзартамыз. Бұл екі апта уақыт ұту ғана емес, жағдайды жіті бақылау үшін де қажет.

Италияның солтүстігіндегі Ломбардия өңірінде де сақтық шаралары күшейді. Енді тұрғындар бей берекет өзге аймақтарға бара алмайды. Тамақтану орындары жеткізіп беру қызметін қайта іске қосты. 

Хабар 24 телеарнасы