Хакерлер Microsoft сервері арқылы мәліметтер ұрламақ болған

АҚШ-та Microsoft компаниясының бағдарламалық құрылымының әлсіздігінен 30-дан астам ұйымның мәлімметтері қолды бола жаздады.

Бұл туралы Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Пскаи мәлімдеді. Мәселе бірлестіктің «Иксчейндж Сервер» деп аталатын бағдарламалық жүйесімен байланысты болып отыр. Бірнеше күн бұрын қытайлық хакерлер осы жүйенің пошталарын шабуылдап, түрлі ұйымдардан жұқпалы ауруларға қатысты ақпарат алмақ болған. Ол үшін хакерлер ұрланған құпия сөздерді пайдаланып, серверлерді қашықтан басқаруға тырысқан. Қытай тарапы айыптардың бәрін жоққа шығарып отыр.

Джен Псаки, Ақ үй баспасөз хатшысы:

– Microsoft компаниясы серверінің осал соғуы ел үшін қауіпті. Сондықтан оны пайдаланатын ұйымдар, түрлі оқу орындары мен орталықтар мәселені қарастырып, оны түзетудің жолын табуы тиіс. Біз қазір хакерлік шабуылдың ауқымын және одан кімдер жапа шеккенін анықтап жатырмыз.