Парагвайда індеттің өршуіне қарсы наразылық өтті

Парагвайда коронавирус індетінің өршуіне байланысты жүздеген адам көшеге шығып, полициямен қақтығыс болды. Шерушілер тәртіп сақшыларына тас лақтырып, полиция оларды тарату үшін күш қолданды.

Тұрғындардың наразылығына аурханаларда науқастар санының артуы себеп. Шерушілер билік індеттің таралуымен тиісті күрес жүргізбей отыр дейді. Салдарынан интенситві терапия бөлімдер вирус жұқтырғандарға толған. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауынан кеше Денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті. Ресми дерекке сүйенсек, 8 миллионға жуық халқы бар Парагвайда 150 мыңнан астам адам вирус жұқтырған.