432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехия індеттің өршуіне байланысты көмек сұрады

  • 182
  • UPD: 22:19, 06.03.2021

Чехияда індеттің таралуы күшейіп, билік халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады. Себебі ауруханалар коронавирус жұқтығандарға толып, төтенше жағдай орнаған.

Емдеу орындары адамдарды қабылдап үлгірмей көрші Германия, Швейцария және Польшаға науқастарды жіберіп жатыр. Ауруханаларда дәрігер мен медбике жетіспейді. Чехияда індеттің өршуіне байланысты наурыздың бірінен бастап шектеулер қатаңдатылған. Тұрғындардың бір аймақтан екінші аймаққа қатынауы шектелді.

Ян Дудра, қалалық аурухана басшысының орынбасары:

- Соңғы айда вирус жұқтырғандар күрт өсіп, науқастарды қарайтын дәрігерлер мен медбикелер жетіспей жатыр. Мысалы, бізде қалыпты жағдайда 10 науқасқа 2 медбике қарайтын. Қазір 15 науқасты 1 медбике қарауға мәжбүр.

Хабар 24 телеарнасы