Кенияда халықты вакциналау басталды

Кенияда халықты коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. Шара «АстраЗенека» вакцинасымен жүргізіліп жатыр.

Елге КОВАКС бағдарламасы шеңберінде 3 жарым миллион дозаның алғашқы партиясы жеткізілді. Екпе алдымен 400 мың дәрігер және індетпен күресіп жатқан өзге саланың өкілдеріне салынады. Билік шілде айына дейін 1 миллион 250 мың тұрғынды вакциналап, шараның екінші кезеңінде 10 миллионға жуық адамды егуді жоспарлап отыр. Осы арқылы Кения індеттің таралуын тоқтатып, экономикасын қалпына келтіруге үмітті.

Джон Нгуре , дәрігер:

- Вакцина ектіру қажет. Себебі бұл жұқпалы кеселден адамдар өліп жатыр. Қазір елге жеткізілген екпе барлық тексерістен өткен. Сондықтан ол індеттің таралуын тоқтатуға көмектеседі деп сенемін.

Сондай-ақ...