Египетте такси мен жүк көліктің соқтығысуынан 18 адам көз жұмды

Египетте такси мен жүк көліктің соқтығысуынан 18 адам көз жұмды
https://primetimezone.com/

Египеттің Гиза провинциясында болған жол апатынан 18 адам қаза тапты. Қаза тапқандар арасында бес бала бар.

Ақпаратқа сәйкес, Атфих қаласындағы жолда маршруттық такси қызметін атқарған минивэн жүк көлікпен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді.

Ал Египеттің орталық статистикалық бюросы мәліметінше, 2019 жылы елдегі жол апатының 80%-ке жуығына адам факторы себеп болған. 

Akhbar el-Youm